?

Log in

No account? Create an account

Июль, 26, 2008

Послания

Вернувшись в Медину после совершения Умры и заключения пе-ремирия с курайшитами в аль-Худайбийе, посланник Аллаха, да благословит его Аллах и приветствует, отправил различным царям и правителям свои послания, в которых он призывал их к Исламу и напоминал им о том, что они несут ответственность не только за себя, но и за своих подданных.
Приведём содержание этих посланий.Свернуть )

В Кызылординской области заработало предприятие по выпуску кумыса и шубата со сроком хранения до 3 месяцев

Биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлхарнай Сейітов осыдан он шақты жыл бұрын қымыз бен шұбаттың ұзақ сақталу технологиясын ойлап тапқан. Ол тәжірибе жүзінде дәлелденді де. Бірақ өтпелі кезеңнің салдарынан, оны кең ауқымда өндіріске енгізуге мүмкіндік болған жоқ.

Зұлхарнай аға осы жаңалығын жүзеге асыру мақсатында талай мықтының есігін тоздырған.

Ғалым таяуда ғана Қызылорда облысында болып қайтты. Сыр өңірінің кәсіпкері Жорабек Сарбалақов та қымыз бен шұбатты ұзақ сақтаудың технологиясын іске асыру жайлы армандап жүрген екен. Екеуінің арманы бір арнаға тоғысып, шағын цех іске қосылды. Біз бұрыннан мәселенің мән-жайын біліп жүргендіктен, жағымды жаңалығымен бөлісуді жөн санап Зұлхарнай Сейітовке хабарласқанбыз.

– Рас, бұл менің үлкен арманымның орындалғаны. Қызылорда облысының әкімінен бастап, бәрі лайықты сый-құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді. Ал мен бәрінен де бұрын елге пайдасы тиетін оң істің басталғанына қуандым, – дейді Зұлхарнай аға ағынан жарылып. – Әрине, «Біткен іске сыншы көп», әркім әр саққа жүгіртіп, неше түрлі пікірлердің болатыны да сөзсіз. Менікі шын тілек, аздап кем-кетігін ретке келтірсе, бұл болашақта үлкен сұранысқа ие болатын жақсы бастама. Өздері қымызхана ашыпты. Ел келіп, ұлттық сусынымызға қанып, рақметін айтып жатыр. Одан артық не керек?

Негізі, қымыз 72 сағатқа дейін ғана шыдайды. Сосын ашып кетеді. Ашып кеткен қымыз босқа ысырап болады. Ал ғалымның ізденісі бойынша қымызды бір жылға дейін сақтауға болады. Жаңа өндіріс орнында қымыз полиэтилен ыдыстарға құйылып шығарылып жатыр. Сондықтан да сақталу мерзімі шұбатқа екі ай, қымызға үш ай деп көрсетілген. Полиэтилен ыдыстарда қанша дегенмен ұзақ тұрған сусынның дәмі бұзылады. Дұрысы – шыны ыдыстарға құйып сақтау. Ал қазіргі кезде шыны ыдыстар қымбатқа түсіп тұр. Мүмкін, өнім сапасының бұрынғыдан да арта түсуі үшін жұмыстары жүріп тұрса, алдағы уақытта оған да қол жеткізуге болар. Өндіріс орны күніне 200 литр сусын шығарып отыр. Сұраныс артса, өндіріс көлемі де ұлғаятыны сөзсіз. Ал сұраныстың күн санап артып келе жатқаны рас. Оның үстіне, қазір елдің біразы той-томалақты арақ-шарапсыз, ұлттық сусындармен өткізгенді әдетке айналдырып та үлгерді.


Интересно, в магазинах продается шубат в бутылках. Надо будет посмотреть на то, кто производитель. У меня друг в Астане занят кумысом.

Latest Month

Апрель 2011
Вс Пн Вт Ср Чт Пт Сб
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930